Жақсы дәстүр бойынша қазан айының бірінші күні біз Халықаралық қарттар күнін атап өтеміз. Қарттар күні – даналық, мейірімділік және құрмет күні! Осынау игі де нұрлы мерекеде біз аталарымыз бен әжелерімізге ғана емес, қарттар үйінде тұратын егде адамдарға да ерекше көңіл бөлеміз. Міне, осындай қамқорлық пен ілтипат Қарттар күнін мерекелеуде Бүйрек орталығы мекемесінде гемодиализдегі науқасымызға Манакбаева Ж.С. көрсетілді. Семей қаласының нефролог резиденттері, СМУ КеАҚ ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ассистенттері әжемізді құттықтап, дәрі-дәрмек түрінде көмек көрсетті.
Қарттар күні – аға ұрпаққа біздің сүйіспеншілігіміз, қамқорлығымыз бен ілтипатымыз қажет екенін баршамызға тағы бір айшықтайтын мереке.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]