Президент Жолдауын талқылау жөніндегі кураторлық сағат

Президент Жолдауын талқылау жөніндегі кураторлық сағат

Ішкі аурулардың  пропедевтикасы кафедрасында, 3102 кураторлық топта Президент Жолдауын талқылау бойынша кураторлық сағат өткізілді.

Кураторлық сағаттың мақсаты студенттермен жолдаудың мақсаты, міндеттері мен мазмұнын талқылау болды. Іс-шараны топтың кураторы, ассистент Н.С. Зготова ашты. Жолдауда халықтың әл-ауқатын арттыру маңызды міндет болып табылатынын, осы мақсатқа жету үшін бірқатар міндеттер қойылғаны атап өтілгенін мәлімдеді.

Жолдау белсенді талқыланып, топ старостасы Барболсынова Айсара баяндама жасады. Студенттердің қойылған сұрақтарына жауаптар алынды. 3102 топтың кураторы Н.С. Зготова барлығын қорытындылады. Жүргізілген кураторлық сағат бұл студенттердің хабардар болып, ой жүйесін кеңейтуге ықпал етті. Талқылау барысында 3102-топ студенттері Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдірді.

Жарияланды: