ҚАРТТАР КҮНІ

ҚАРТТАР КҮНІ

02.10.2023 жылы Жалпы білім беру пәндері кафедрасында Қарттар күніне арналған іс-шара өтті. Күзгі күнтізбеде жүректің терең ризашылық сезіміне бөленетін, алғыс сөздерін айтқыңыз келетін, адамдарға ерекше сезімтал және жақын болғыңыз келетін ерекше күн бар – бұл 1 қазан немесе Халықаралық қарттар күні. Жалпы білім беру пәндері кафедрасында жыл сайынғы дәстүрге сай қарттар күніне орай мерекелік шара өтті.

Бұл кездесудің құрметті қонақтары университетіміз бен кафедрамыздың құрметті ұстаздары болды. Жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі Уранхаева Гульмира Тельмановна шақырылған қонақтарға алғысын білдіріп, құттықтау сөз сөйледі.

Мереке құрметіне дастархан жайылып, концерттік бағдарлама шараның ерекше музыкалық сәнін келтірді.

Кездесуге қатысушылар университетте жұмыс істеген кездерін, әріптестері мен студенттерін, және университеттің жылдан-жылға қалай өзгеріп келе жатқаны туралы естеліктерін ерекше жылылықпен еске түсіріп, әңгіме өрбітті. Кездесудің соңында мереке құрметіне еңбек ардагерлеріне естелік сыйлықтар табысталды.

 Жалпы білім беру пәндер кафедрасы