28-29 қыркүйекте Алматыда ДДҰ елдік кеңсесі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп USAID Central Asia USAID – US Agency for International Development қаржылық қолдауымен медициналық білім беру мекемелерінің мамандарын даярлау бағдарламасына “Бірыңғай денсаулық” білім беру материалдарын интеграциялау бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты-медициналық білім беру мекемелерінің студенттері мен түлектерінде “Бірыңғай денсаулық” тұжырымдамасы туралы нақты түсінік қалыптастыру. Дөңгелек үстелге еліміздің медициналық университеттерінің өкілдері қатысты. Біздің университеттен аталмыш дөңгелек үстелге м.ғ. к., академиялық және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Жанаргүл Қайырғалиқызы Смаилова және м. ғ. к., асс.профессор, қоғамдық денсаулық кафедрасының меңгерушісі Хисметова Зайтуна Абдулкасимовна қатысты. Қатысушылар халық денсаулығы, жануарлар, қоршаған орта, экожүйелер, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зооноздық аурулармен күресу және микробқа қарсы тұрақтылық сияқты тақырыптық бағыттар бойынша баяндамаларды тыңдады.
Дөңгелек үстел барысында университет өкілдері Бірыңғай Денсаулық бойынша білім беру материалдарын оқу процесіне енгізу мүмкіндігін талқылады.[/vc_column_text]