Қарттар күніне орай кафедра ардагерін құттықтау

Қарттар күніне орай кафедра ардагерін құттықтау

Халықаралық қарттар күні – бүкіл әлемдегі қарт адамдар үшін ерекше күн. Біздің жылдам қартайып бара жатқан  әлемде «өмір ардагерлері» маңызды рөл атқарады. Олар жинақтаған тәжірибелері мен білімдерін ортаға салып, отбасыларына көмектеседі. Күздің алтын мезгілімен қатар келетін бұл мейрамда бар күші мен білімін халқына арнаған, жас ұрпаққа денсаулық пен жастық сыйлаған қарттарымызды құрметтейміз. Бұл күннің мейірімділік пен құрмет күні деп аталуы бекер емес.

Қарттар күні қарсаңында м.ғ.д. , профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының қызметкерлері кафедраның еңбек ардагері, биохимия және химиялық пәндер кафедрасында ұзақ жылдар қызмет атқарып, көптеген медицина мамандарын дайындаған Кусебгалиева Найля Жагифарқызын құттықтады. Ардагерлерімізге зор алғысымызды білдіре отырып, денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Біз оларды ұзақ, адал еңбегі және кафедра мен университет тарихына қосқан баға жетпес үлесі үшін бағалаймыз және құрметтейміз!

Ізгі тілектерімен м.ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының ұжымы