Қарттарым-асыл қазынам

Семей медицина университетінің “Qazaqstan Medisina Jastary ” волонтерлік ұйымы және “Kemel” өнер ұйымы бірге “Қарттар күніне” байланысты концерттік бағдарлама өткізді✨ Қарттар үйіне барып студенттер өздерінің өнерлерін, ортаға салып, ардагерлеріміздің, зейнеткерлеріміздің көңілдерін көтере білді[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row]

Биохимия және химиялық пәндер кафедрасымен №4 жатақханада “Остеопороздың алдын алу” сенбілік іс-шарасының өткізілуі

1997 жылы 20 қазанда ДДҰ-мен Дүниежүзілік остеопороздың алдын алу күні бекітілді. Бұл күннің негізгі мақсаты – ауыр сырқат ретінде, жарақаттанудың ерекшелігіне байланысты мүгедектік пен өлімге әкелуі мүмкін екеніне назар аудару, салауатты өмір салтын саналы түрде таңдау мәселесі ретінде остеопороз туралы ақпаратты тарату. Аурудың алдын алудың негізгі бағыттарына халықтың хабардарлығын арттыру жатады. Адам ағзасындағы сүйек тінінің…

Жайлы үйдегі кездесу

2023 жылдың 30 қыркүйегінде Жалпы медицина мамандығының 2312 топ студенттері өздерінің топ жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының доценті А. Сайдахметовамен бірге Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласының қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы» КММ  бардық. Балалар мекемесі қақпасынан кіре бере өзінің жайлылығымен, ауласының күтімімен, барлық бөлмелерінің тазалығымен таң қалдырды.…

Топпен алғашқы кураторлық сағат

2023 жылғы 3 қазанда эпидемиология және биостатистика  кафедрасының оқытушысы Мукашева Гүлбаршын Дарынқызына  бекітілген “Жалпы медицина” факультетінің 2508 тобымен алғашқы кездесу-танысу және кураторлық сағат өтті. Топта әлемнің әр елдерінен келген 12  шет ел студенттері оқиды. Куратор топ студенттерін университеттегі тәртіп ережелерімен, сондай-ақ пән саясатымен таныстырды. Жиын барысында куратор студенттерге топпен 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын…

Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінің 2-5 курс студенттерімен жиналысы

2023 жылдың 3 қазанында Акт залында «Стоматология», «Фармация», «Қоғамдық денсаулық сақтау» ББ 2-5 курс студенттерімен кездесу өтті. Жиналысқа Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінің деканы Ы.О. Кайрханова, декан орынбасары Г.А.Жумаева және әдіскер Муратбекова Д.А. қатысты. «Стоматология» ББ 2 курс студенттеріне олардың үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасына ауысу себебі түсіндірілді. Кездесудің мақсаты…