2023 жылдың 2 қазанда ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының базасында «Жалпы медицина» мамандығының 4403 топ студенттері мен топ кураторы (Жазыкбаева Л.Қ.) кураторлық сағатын өткізді. Куратор сағатының тақырыбы – нормативтік құқықтық актілерді (НҚА) талқылау: пән саясаты және академиялық саясат. Куратор Жазықбаева Лашын Құрманғалиқызы барлық студенттердің назарына университеттің пәндер саясаты мен академиялық саясатындағы өзгерістерді жеткізді. Студенттердің академиялық адалдық саясаты және ішкі тәртіп ережелері аясындағы студенттердің мінез-құлық ережелері талқыланды. Студенттер өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Осы кураторлық сағаттың арқасында студенттер университеттің нормативтік-құқықтық актілеріне енгізілген соңғы өзгерістер туралы толық мағлұмат алды.
Студенттер 4403 гр., Жалпы медицина, куратор Жазыкбаева Л.К.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]