Биохимия және химиялық пәндер кафедрасымен №4 жатақханада “Остеопороздың алдын алу” сенбілік іс-шарасының өткізілуі

Биохимия және химиялық пәндер кафедрасымен №4 жатақханада “Остеопороздың алдын алу” сенбілік іс-шарасының өткізілуі

1997 жылы 20 қазанда ДДҰ-мен Дүниежүзілік остеопороздың алдын алу күні бекітілді. Бұл күннің негізгі мақсаты – ауыр сырқат ретінде, жарақаттанудың ерекшелігіне байланысты мүгедектік пен өлімге әкелуі мүмкін екеніне назар аудару, салауатты өмір салтын саналы түрде таңдау мәселесі ретінде остеопороз туралы ақпаратты тарату.

Аурудың алдын алудың негізгі бағыттарына халықтың хабардарлығын арттыру жатады. Адам ағзасындағы сүйек тінінің әлсіреу үрдісін баяулатудың алдын алу дәл осы профилактикаға байланысты. Медициналық мекемелерде мамандарға, сондай-ақ қарапайым азаматтарға дәрістер мен семинарлар өткізу, ақпараттық стендтер адамның өз денсаулығына дұрыс көзқарасын қалыптастыруға ықпал етуі керек.

М.ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасымен 30.09.2023 жылы “СМУ” КеАҚ білім алушыларының алдын алу және ақпараттандыру мақсатында №4 студенттер үйінде іс-шара өткізді. Остеопороздың қауіп факторлары және оларды төмендету жолдары туралы әңгімелесу өткізілді. Сондай-ақ жадынамалар, брошюралар ұсынылды. Әңгімелесу нәтижелері бойынша викторина түрінде кері байланыс өткізілді.

Мұндай іс-шараларды студенттер арасында өткізу өте маңызды, өйткені бұл остеопорозды  болдырмаудың және алдын алудың маңыздылығын хабарлайды. Өзіңізді қорғаңыз және сау болыңыз!

 

М.ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының ұжымы[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар