Болашақ талапкерлермен кездесу

Болашақ талапкерлермен кездесу

Кәсіби бағдарлау жұмыстары аясында 2023 жылдың 29 қыркүйегінде «Семей медицина университеті» КeАҚ ішкі аурулар және ревматология кафедрасының қызметкерлері Семей қаласының Қ.Сәтбаев атындағы №2 орта мектебіне барды.

Болашақ ізденушілер кафедраның кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты Д.К. Қожахметова және нефрология білім беру бағдарламасының резиденттерімен кездесті. Оқушыларға «Семей медицина университеті» КeАҚ имидждік бейнеролик көрсетілді, университетте жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары, университетке түсу және оқу шарттары туралы ақпарат бар буклеттер таратылды. Оқушылар бірқатар сұрақтар қойды, оларға жауап берілді. Резиденттер «Семей медицина университеті» КeАҚ-да оқу тәжірибесімен бөлісті, студенттердің әлеуметтік өмірі туралы айтты.

Әңгімелесу нәтижесінде 11-ші сыныптың төрт оқушысы Семей қаласының медициналық университетіне түсуге ниет білдірді; 10-шы сыныптан үш оқушы «Medical Foundation» дайындық бөліміне қызығушылық танытты.

Iшкі аурулар және ревматология кафедрасы[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Қоғамдық өмір