2023 жылдың 3 қазанында Акт залында «Стоматология», «Фармация», «Қоғамдық денсаулық сақтау» ББ 2-5 курс студенттерімен кездесу өтті. Жиналысқа Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейіргер ісі мектебінің деканы Ы.О. Кайрханова, декан орынбасары Г.А.Жумаева және әдіскер Муратбекова Д.А. қатысты. «Стоматология» ББ 2 курс студенттеріне олардың үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламасына ауысу себебі түсіндірілді. Кездесудің мақсаты студенттерді 2023-2024 оқу жылына арналған Академиялық саясатпен таныстыру болды. Сондай-ақ, студенттермен әдеп кодексі мен ішкі тәртіп ережелері талқыланды. Академиялық адалдық саясаты және студенттерге ережелерді бұзғаны үшін жазалау мәселелері көтерілді. Кездесу соңында мектеп қызметкерлері білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Мұндай кездесуді өткізу барлық қатысушылар үшін оқу үдерісіндегі проблемалық мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын қарастыру үшін өте маңызды және қажетті шара болып табылады.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]