Топпен алғашқы кураторлық сағат

Топпен алғашқы кураторлық сағат

2023 жылғы 3 қазанда эпидемиология және биостатистика  кафедрасының оқытушысы Мукашева Гүлбаршын Дарынқызына  бекітілген “Жалпы медицина” факультетінің 2508 тобымен алғашқы кездесу-танысу және кураторлық сағат өтті. Топта әлемнің әр елдерінен келген 12  шет ел студенттері оқиды. Куратор топ студенттерін университеттегі тәртіп ережелерімен, сондай-ақ пән саясатымен таныстырды. Жиын барысында куратор студенттерге топпен 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ұсынды. Жоспар талқыланып, топпен келісілді. Жоспарда әртүрлі мәдени, сауықтыру және санитарлық-ағарту жұмыстары көрсетілген.