2023 жылдың 30 қыркүйегінде Жалпы медицина мамандығының 2312 топ студенттері өздерінің топ жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының доценті А. Сайдахметовамен бірге Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласының қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы» КММ бардық. Балалар мекемесі қақпасынан кіре бере өзінің жайлылығымен, ауласының күтімімен, барлық бөлмелерінің тазалығымен таң қалдырды. Мұның барлығынан жүйелі түрде тәрбие нәтижесінде оянған ұқыпты көзқарас сезілді, себебі бұл өсімдіктерге деген аялы алақан әсерін тәрбиеленушілер көрсеткендігі атап айтылған еді. Тәрбиеленушілердің барлығы өз істерімен айланысуда: үлкендері болашақ баурсақтарының нанын илеп жатты, кішілері демалыс бөлмесінде ойнап жүрді, енді біреулері қабаттағы ас бөлмесін жинастырып жатты. Мекеме неғұрылым үйге ұқсаған: біргетуысқан ағайынды балалар жастарына қарамастан бір топта, үлкендері кішілеріне қамқорлық көрсетеді, қорғайды. Балалар арасында және олар мен тәрбиешілер арасында қамқорлық пен түсіністік сезіледі.
Балалар өте мейірімді: бізді кіргеннен құшақтап, өздерінің жетістіктерімен бөлісіп жатты. Біз 4 қабатта тұратын, Асель Елдосовна тәрбиелейтін балаларға бардық. Студенттер жарты сағат ішінде топтағы кіші балалардың көңілдерін аулады, тәттілер таратты, ойындар ұйымдастырды, күйлері келгенше тығыз байланыс құруға тырысты. Біз мекеме басшысымен және тәрбиешілермен сұхбаттастық. Спонсорлық көмек көрсеттік. Мекеме қызметкерлеріне қажымас асыл еңбектеріне ризашылығымызды айттық, алдағы уақытта жетістіктер тіледік.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]