Біртуар тұлға – Сағадат Нұрмағамбетов

Біртуар тұлға – Сағадат Нұрмағамбетов

«Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында 2023 жылдың 02 қазан күні  оқытушы медицина қызметінің подполковнигі Н.С.Смаиловтың жетекшілігімен 4216 топ студенттерімен Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай    тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатында батырымыздың өмірбаяны, ұмытылмас батырлығы, қазақ  халқына сіңірген еңбегі туралы ақпарат берілді.

Батырлығымен қоса, С.Нурмағамбетов көптеген кітаптардың авторы.

Қазіргі таңда Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлының жеке қоры Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік мұрағатында сақталуда.

Дүниеден өткенше әскери салаға өмірін арнаған ұлт мақтанышы – Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы мәңгілік ел есінде.

4216 топ студенттері[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар