Кафедра ардагерлері мен тәлімгерлерін құттықтау

Кафедра ардагерлері мен тәлімгерлерін құттықтау

Медицина ғылымдарының докторы, профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының қызметкерлері кафедра ардагерлерін – Римма Омаровна Мутик және Надежда Федоровна Хребтованы құттықтады. Олар профессор С.О.Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасында ұзақ жылдар қызмет атқарған, медицина мамандарының бір буыннан астамын дайындаған Үздік ұстаздар, өз саласының мамандары! Біз оларды ұзақ, адал еңбегі және кафедра мен университет тарихына қосқан баға жетпес үлесі үшін бағалаймыз және құрметтейміз! Ардагерлерімізге зор алғысымызды білдіре отырып, денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.

Игі тілекпен медицина ғылымдарының докторы, профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының ұжымы.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]