Қарттар күні

Қарттар күні

04.10.2023 жылы сағат 15:00-де КеАҚ ’’Семей медицина университеті’’  Қарттар күніне арналған салтанатты мерекелік кеш өтті.Облыстық іс-шараға медицина саласында ұзақ жылдар қызмет  еткен  ғылым  дамуы мен білім беруге үлес  қосқан ардагер дәрігерлер мен ұстаздар қатысты. Кеш барысында бірінші болып сөз алған «Семей медицина университеті»  КеАҚ  Басқарма Төрағасы – Ректор  Алтай  Ахметқалиұлы  Дюсупов жиналған қауымды мерекемен  құттықтап , ЖББП кафедрасының меңгерушісі Уранхаева Гулмира Тельманқызы аға буын өкілдерін мерекелерімен құттықтай отыра, университетімізге сіңірген еңбектері үшін алғыс айтты.

Мерекелік іс-шара ұйымдастырушысы медицина университеті ардагерлер кеңесінің төрайымы Құттыбаева Сандуғаш Төлеуғалиқызы мен «Күміс  университеті» жобасының жетекшісі  Жайрбаева  Жаңанұр Қамбарқызы жылы лебіздерін білдірді.

Жананұр Қамбарқызының жетекшілігімен «Стоматология» мамандығының 1315 кураторлық тобының студенттері ант қабылдап, Күміс университетінің еріктілері мен мұражай сарапшылары қатарына қабылданды.

Қарттар күніне арналған меркелік іс-шараға облыстық Достық үйінен «Айша бибі» ансамблінің қатысуымен концерттік бағдарлама өткізілді.

 «Қарты бар ел- қазыналы ел» демекші , үлкенге құрмет көрсету, өмірлік тәжірбиелері мен ақыл кеңестері, тәлім- тәрбиесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлау. Жиынға жиналған қарттарымыз бір-бірін көріп, балаша мәз болысып, естеліктерін айтып, бір марқайып қалды.

ЖББП кафедрасының меңгерушісі Уранхаева Гулмира Тельманқызы

«Күміс  университеті» жобасының жетекшісі  Жайрбаева  Жаңанұр Қамбарқызы[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз