03.10.2023 ж «Семей қаласының Медицина университеті» КЕАҚ Акт залында «Семей қаласының №7 емханасының» дәрігер-эпидемиологы Е.Д. Омарбеков «Стоматология» білім беру бағдарламасының 2-5 курс студенттеріне «Тұмауға қарсы егу науқаны» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Студенттермен кездесуде эпидемиолог дәрігер вакцинация және маусымдық ЖРВИ вирустары және жаңа коронавирустық инфекция туралы қысқаша ақпарат берді.
Тұмауға қарсы екпе жасатқыңыз келсе «Семей қаласының №7 емханасының» 1 корпусы, 121 кабинетке хабарласуыңызға болады. Қабылдау уақыты 08.00-ден 17.00-ге дейін. Өз денсаулығыңызды күтіңіз![/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]