2023 жылдың 4 қазанында «Жалпы медицина» мамандығының 4403 топ студенттері топ кураторымен (Жазықбаева Л.Қ.) бірлесіп «Темекі шегуге тыйым салу туралы» бұйрығына байланысты кураторлық сағатты өткізді. Жаңа тәртіпке сәйкес, университет аумағында және жатақханаларда темекі өнімдерін, электронды темекі шегуге және алкогольдік ішімдіктерді ішуге тыйым салынады. Куратор топ студенттері арасында осы бұйрықтың барлық аспектілерін олардың назарына жеткізе отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Темекі шегу мен алкогольді ішудің адам денсаулығына және қоғамға зияны туралы да тақырып қозғалды. Талқылау барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Қорытындылай келе, студенттер бұл мәселеден хабардар екендіктерін растады.
Студенттер 4403 гр., Жалпы медицина, куратор Жазыкбаева Л.К.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]