2023 жылдың 4 қазанында №1 дәріс залында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған”Тілдер шеруі” айлығы аясында жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі Г.Т.Уранхаеваның басшылығымен өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілінде мәнерлеп оқу байқауын өткізілді.
Байқаудың мақсаты: мемлекеттік тілге деген қызығушылықты ояту, талантты студенттерді анықтау.
Студенттер байқаудың таныстыру және өлеңді мәнерлеп оқу екі кезеңде жоғары дайындықпен келіп, мемлекеттік тілге деген құрметтерін көрсетті.
Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен номинанттар анықталды.
1 орын Борисовская Анастасия
Жетекші: Уранхаева Гулмира Тельманова
2 орын Нехорошева Алина, Гусейнли Теймур
Жетекші: Жорокпаева Мейрамгуль Досанова
3 орын Керимов Урфулла, Пятников Никита
Жетекші:Абешова Нургуль Муратбековна;
Жайрбаева Жаңанұр Қабарқызы
Байқаудың барлық қатысушыларына алғыс айтамыз!
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы