ҰСТАЗДАР КҮНІ – МАМАНДАР МЕКЕНІ

ҰСТАЗДАР КҮНІ – МАМАНДАР МЕКЕНІ

Дәрігер мамандығы ең көне мамандықтардың бірі – ол ежелгі дәуірден, тарихқа дейінгі дәуірден бастама алады. Ежелгі дәуірде көптеген өсімдіктердің қасиеттері мен олардың емдік күшін қалай пайдалану керектігін білетін алғашқы емшілер пайда болды. Олардың емдік әрекеттері нәтижесінде тәжірибе жиналып, медицинаның жеке сала ретінде өрбуіне септігін тигізді. 04.10.2023 жылы «СМУ» КеАҚ Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ұйымдастырылуымен бакалавриат, интернатура және резидентура бағдарламалары бойынша білім алушылар мен беделді дәрігерлердің кездесуіне арналған «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараның ашылуы барысында кафедра меңгерушісі Каскабаева А.Ш. кафедраның ашылу мерзімінен қазіргі күнге дейін тарихымен таныстырды. Білім алушылар біздің университетіміздің «Аңызына» айналған профессор Иванова Райфа Латыфовна және профессор Жумадилова Зәуреш Кенжеханқызымен; кафедра доценттері: Алибековой Р.И., Рымбаевой Т.Х., Шахановым Т.Е.  танысып, тілдесуге мүмкіндік алды. Өткізілген іс-шара білім алушылар арасында қызығушылық туғызып, қызықты және ынталандыратын тілдесуге мүмкіндік берілгені үшін алғыс айтылды. Кафедрамен ұйымдастырылған іс-шара Ұстаздар күні мен Халықаралық Дәрігерлер күніне сай келді. Кафедра меңгерушісі Каскабаева А.Ш. мерекеге орай  құттықтау сөзін айтып, кафедраға қосқан үлестері үшін алғыс білдірді!

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ассистенттері

Селгазина М.Б., Берсимбекова Г.Б.