“ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖОҚ ЖЕРДЕ ЕШҚАШАН ӘДІЛДІК БОЛМАЙДЫ”

“ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖОҚ ЖЕРДЕ ЕШҚАШАН ӘДІЛДІК БОЛМАЙДЫ”

2023 жылғы 27 қыркүйекте қоғамдық денсаулық кафедрасының доценті Ш.М. Токешева Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кураторлық сағат өткізді.  Мемлекет басшысы өз Жолдауында алдағы құрылымдық экономикалық реформалардың негізгі контурларын ұсынды, еліміздің экономикасы, саясаты мен мәдениеті тақырыптарын ғана емес, су ресурстарының қолжетімділігі мен сапасы сияқты өзекті проблеманы да қозғады. Президент алға қойған стратегиялық маңызды міндеттердің бірі – Қазақстанды IT – елге айналдыру, оған ірі шетелдік IT-компаниялармен бірлескен кәсіпорындар ашу, сондай-ақ білікті мамандар даярлау ықпал ететін болады.

Талқылау барысында “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығының 301 тобының студенттері Елбасының бастамаларына қолдау білдіріп, еліміздің әрбір азаматы әділ Қазақстанды құруға жауапты деген пікірді бірауыздан қолдады: “Шын мәнінде, жауапкершілік жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды. Егер әр адам жауапты азамат болса, оның сөздері іске қайшы келмейді, онда елде әділеттілік орнайды”.

Қоғамдық денсаулық кафедрасының доценті  Ш. М. Токешева[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз