ҚҰРМЕТТІ “МЕЙІРГЕР ІСІ” МАМАНДЫҒЫНЫҢ МАГИСТРАНТТАРЫ МЕН ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ
2023-2024 оқу жылына арналған Erasmus + халықаралық кредиттік ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Испанияның Малага университетінде “Мейіргер ісі” мамандығының магистранттары арасында 1 семестр оқу мақсатында және “Мейіргер ісі” мамандығының профессор-оқытушылар құрамы арасында тренингтен өту үшін конкурс жарияланады.
Оқу кезеңі:
Магистранттар: көктемгі семестр 2024 ж. (3 айдан 5 айға дейін).
Оқытушылар құрамы: 2024 ж. көктемгі семестрінде 5 күн тренинг, 2 күн жол жүру.
Үміткерлерді іріктеу екі кезеңде жүзеге асырылады:
1 КЕЗЕҢ: Семей медицина университеті үміткерінің конкурстық іріктеуден өтіп, ресми ұсынулуы және Малага университетіне онлайн өтінім беру.
2 КЕЗЕҢ: Қабылдаушы университет тарапынан үміткерлерді қарастырып, қабылдап, Erasmus + ICM бағдарламасы аясында грант бөлінуі.
-Семей медицина университеті ұйымдастырған конкурстық іріктеуден өтуі үміткердің грант иеленуін білдірмейді; Малага университеті грант беру туралы соңғы шешім мен шақыру хатты үміткердің электрондық поштасына жібереді.
Erasmus + ICM бағдарламасы аясында қандай шығындар өтеледі:
– жол жүру шығындары,
– визаны рәсімдеу шығындары,
– тұру (күнделікті шығындарды қамтиды),
– оқыту тегін.
Маңызды!
– Іріктеліп алынған қатысушылар Испанияға келуін ұйымдастыру кезіндегі виза, сақтандыру, авиабилет және тұру шығындарын оқу басталғаннан кейін ғана Малага университеті өтейді.
«МУС» КеАҚ бойынша конкурсқа қатысу үшін магистрантқа қойылатын талаптар мен құжаттар:
- 1 курс магистранттары;
- Академиялық қарыздың болмауы;
- Тәртіптік бұзушылықтың болмауы;
- Ағымдағы үлгерім туралы Транскрипт – GPA деңгейі 3,0-ден кем емес (4,0-ден) екі тілде (қазақша/орысша және ағылшынша) 127 каб. алынады;
- Ағылшын тілін меңгерудің жоғары деңгейі-IELTS certificate 6 және одан жоғары (Бар болса) немесе ағылшын тілі бойынша В2 деңгейін растау бойынша сұхбаттан өту;
- Магистрлік диссертацияның рефераты (тақырыбы, зерттеу пәні, мақсаты, міндеттері, жаңалығы және т.б.);
- Республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларда жүлделі орындар үшін берілген грамоталардың, дипломдардың, алғыс хаттар мен сертификаттардың болуы (бар болған жағдайда);
- Ауызша сұхбат;
- Өтініш.
«МУС» КеАҚ бойынша конкурсқа қатысу үшін профессор-оқытушылар құрамға қойылатын талаптар мен құжаттар:
«МУС» КеАҚ-та жұмыс тәжірибесі бір жылдан кем емес;
- Тәртіптік бұзушылықтың болмауы;
- Орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме (бар болған жағдайда, келесі ақпаратты қоса аласыз:
- ҚР БҒМ білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда басылған мақалалар, соңғы 1 жыл ішінде;
- Web of Science, Scopus, Springer деректер қорына енгізілген соңғы 3 жылдағы ғылыми мақалалар тізімі;
- Хирш Индексі;
- Жарияланған монографиялар / әдістемелік ұсыныстар / оқулықтар
- Жұмыс орнынан анықтама.
- Ауызша сұхбат.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау бас корпустың 306 кабинетінде 17.10.2023 16:00 дейін қабылданады.
Қатысушылар барлық құжаттарды қағаз нұсқасында алып келуі тиіс.
Байланыс деректері:
Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімі
телефон: +7 7472899571
Доскелдинова Әсем Нұрланқызы
Конкурстық интервью өткізу күнін кейінірек хабарлаймыз.