2023 жылдың 6 қазанда психиатрия және наркология кафедрасында «Психоактивті заттарға тәуелділіктің алдын алу. Психотерапевтикалық тренингтер» өткізілді. Ұйымдастырушылар: кафедра меңгерушісі Phd докторы Молдағалиев Т. М., Алмагамбетова А. А., хирургиялық пәндер кафедрасы Қажыкенов Қ.Т. Қатысушылар: 3,5 курс студенттері ЖМ 3511, 5102,5108 топтары, 1, 2 жыл резиденттері.
Психоактивті заттарға (ПАЗ) тәуелділік қазіргі қоғамда, әсіресе жас ұрпақтың өзекті мәселесі болып табылады. Психоактивті заттарға (ПАЗ) тәуелділіктің алдын алу маңызды міндеттердің бірі болып есептелінеді. Сондықтан біздің университет жыл сайын медицина факультетінің студенттері арасында профилактикалық
іс-шара өткізіп, осы шараға белсене қатысады.
Алғы сөзбен психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі Phd докторы Т. М. Молдағалиев, кафедра ассистенті А. А. Алмагамбетова
Семей медицина университетінің 3,5 курс студенттеріне, 1,2 жыл резиденттеріне сөз сөйледі. Олар психоактивті заттардың түрлерін, негізгі белгілерін, себептерін, сондай-ақ қолданудың салдарын атап өтті. Бұл аурудың алдын алу да өте маңызды және жүйелі түрде жүргізілуі керек. Олар өз өміріңді сырттай көру, оның қандай болғанын сезіну керек екендігінің маңыздылығын нақтылады.Табандылық пен қалпына келтіруге деген ұмтылыс неғұрлым күшті болса, қалыпты өмірге оралу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Достарыңыз бен отбасыңыздың қолдауы бұл нашақорлықтан арылудың жақсы болжамын береді.
Іс – шара соңында психотерапиялық тренинг өткізілді, балалар есірткі заттарының адам ағзасына қандай әсер ететінін белсенді түрде талқылады және есірткіні қолдану адамның денсаулығын бұзады деген қорытындыға келді.
Өмір әртүрлі түстерден тұрады. Өзіңдікін тап! Дұрыс таңдау жасаңыз![/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]