2023 жылдың 27 қыркүйегінде Стоматологиялық пәндер және ЖБХ кафедрасының ұйымдастыруымен « Жастар арасындағы есірткілік құқық бұзушылықтың алдын алу және синтетикалық есірткі қолданысын жою» , «Жастар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу» және «ЖИТС алдын алу» тақырыбында «Стоматология» мамандығының 1,2,3 курс студенттеріне тәрбие сағаты өткізілді. Кездесуге Абай облыстық Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының жедел өкілі, полиция подполковнигі Еспаева Гаухар Сериковна, Абай облысы прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры Смаилов Айдос Серикович, Семей қ. ЖИТС-тың алдын алу және күресу орталығының бөлім меңгерушісі Мамырбекова Нэйля Рымбековна шақырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты-нашақорлықтың алдын алу және жастарға есірткінің зиянын түсіндіру. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Іс-шараның соңында кафедра меңгерушісі Сулейменева Дана Мукашевна Стоматология мамандығының 1,2,3 курс студенттерімен қоғамдық орындарда, университетте, сабақ барысында өзін-өзі ұстау ережелері,оқу үлгерімін жақсарту жайлы тәрбиелік жұмыс жүргізді және қонақтарға алғыс білдіріп, кедергіге толы кәсіби еңбектеріне сәттілік тіледі.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]