05.10.2023 ж. Ресей мен Үндістанда екі апта мерзімге тағылымдамадан өту үшін ПОҚ және резиденттер арасынан үміткерлерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтті.
Байқау екі кезеңде өтті. Бірінші кезең аясында жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары ағылшын тілінен білімдерін анықтау мақсатында емтихан өткізді.
Екінші кезең аясында комиссия мүшелері үміткерлермен ауызша сұхбаттасу өткізді. Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша келесі үміткерлер критериалды бағалау парақтарының балдарына сәйкес жеңімпаз атанды.
Ресей:
- Мерей Нуриденович Иманбаев – Б. С. Буланов атындағы жүрек-тамыр және торакалды хирургия кафедрасының меңгерушісі
- Гузяль Дуйсенбековна Абильмажинова – “СМУ” КеАҚ ПФ ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі
- Айгерим Аблайханқызы Биниязова – неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасының ассистенті
- Бақытжан Данабекұлы Данабеков – «Ересектер, балалар кардиохирургиясы» мамандығының резиденті
- Анар Дәулетқызы Қожабаева – «Ересектер, балалар кардиологиясы» мамандығының резиденті
- Наталья Анатольевна Филиппова – «Неврология» мамандығының резиденті
Үндістан:
- Марат Амангазиевич Жанаспаев – «Травматология және балалар хирургиясы» кафедрасының меңгерушісі
- Санжар Ғаббасұлы Халелов – «Ересектер, балалар бет – жақ хирургиясы» мамандығының резиденті
- Диляра Қаиролдақызы Михайлова – «Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың» мамандығының резиденті
- Алексей Александрович Шавровский – «Анестезиология және реанимация ересектердің, балалардың» мамандығының резиденті
- Танатар Болатұлы Кадысов – «Жалпы хирургия» мамандығының резиденті
- Оксана Серкиз – «Ересектер, балалар кардиохирургиясы» мамандығының резиденті
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және табысты тағылымдама тілейміз![/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]