2023 жылдың 5 қазанында «Стоматология», «Фармация», «Қоғамдық денсаулық », «Мейірбике ісі», «Медико-профилактикалық іс» ББ 1 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. . Бұл кездесуге денсаулық сақтау, стоматология, фармация және мейірбике ісі факультетінің деканы Ы.О.Кайрханова, декан орынбасары Г.А.Жумаева және әдіскер Д.А.Мұратбекова қатысты.
Жиын басында ҚДССФМІ мектебінің деканы Кайрханова Ы.О. 1 курс студенттерін оқу және тәрбие ісі жөніндегі студенттік проректор, студенттік декан және курс старосталарымен таныстырды.
Кездесу барысында ҚДССФМІ мектебінің деканы Кайрханова Ы.О. емтихан сессиясы кезінде студенттерді академиялық саясатпен, тәртіп саясатымен, студенттік әдеп кодексімен, ішкі тәртіп ережелерімен және емтихан сессиясы кезіндегі тәртіп кодексімен таныстырды.
Жиын соңында декан орынбасары Жумаева Г.А. студенттерді рұқсаттама алу кестесімен, апелляцияны жүргізу ережелерімен таныстырды, сонымен қатар ішкі тәртіп ережелерін, тәртіп саясатын, сыртқы түрін (шешінетін бөлмелерде сырт киім қалдыру, ақ халат пен кепка кию,емтихан кезінде классикалық киім ережелерін сақтау туралы ескертілді).
Студенттер білімді бағалаудың әдістері мен формалары туралы сұрақтарға жауап алды.
[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]