Стоматология кафедрасының сенбідегі іс-шарасы

Стоматология кафедрасының сенбідегі іс-шарасы

Балалар стоматологиясы кафедрасыгың негізінде құрылған «Здоровая улыбка» ғылыми-тәжірибелік мектебі қазіргі уақытта Стоматологиялық пәндер және ЖБХ кафедрасында белсенді жұмыс атқаруда. 2023 жыл 30 қыркүйек күні «СМУ» КеАҚ  тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес «Здоровая улыбка» мектебінің мүшелері: кафедра ассистенті М.Р. Мухтар, 1 оқу жыл резиденті К.Н. Айткали және 504 топ студенттері «Ауыз қуысының гигенасы» тақырыбында дөңгелек стол ұйымдастырып, «Стоматологиялық денсаулықтың адамның жалпы денсаулығына әсері» жайында лекция оқыды.  Жатақхана студенттеріне тісті дұрыс тазалау әдістері бойынша мастер-класс өткізіп, ауыз қуысының гигиеналық құралдары: тіс пастасы, тіс щеткасын,элексирлерді дұрыс таңдау бойынша кеңес берді.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]