Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау

2023 жылдың 4 қазанында ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында «Жалпы медицина» мамандығының 3103 топ студенттері және топ кураторы Жазыкбаева Л.К. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. Елбасы биылғы жылы еліміздің экономикасы, саясаты мен мәдениеті ғана емес, өмірлік маңызды мәселелерге де тоқталды. Көлік-логистика саласындағы көптен бері шешімін таппай келе жатқан мәселе көтерілді. Сонымен қатар, ол цифрландыру мен инновация мәселелеріне ерекше көңіл бөлетінін, Қазақстанды IT-елге айналдыру стратегиялық маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Елімізге, азаматтарға қатысты көптеген маңызды және өзекті тақырыптар қозғалды. Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құруда еліміздің әрбір азаматының жауапкершілігі бар екенін атап өтті: «Мәні бойынша жауапкершілік жоқ жерде ешқашан әділдік болмайды. Әрбір адам сөзі мен ісінен айнымайтын саналы азамат болса, елде әділдік орнайды.» Елбасы Жолдауын талқылау барысында студенттерге кеңінен мағлұмат беріліп, Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдірілді.

3103 топ студенттері Жалпы медицина, куратор Жазыкбаева Л.К.