Әскери кафедраның «Жалпы стоматология» әскери-есептік мамандығының 3 курс студенттері 2023 жылдың 04 қазанында оқытушы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Сәденұлының бастауымен Семей қаласындағы Абай Құнанбайұлының Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражайына бардық.
Мұражайдан алған әсеріміз өте керемет…
Бұл музейде 10 ға жуық бөлме және 13 мыңнан астам қымбат жәдігерлер бар, оның ішінде Абай Құнанбайұлының өз қолымен табыстаған жәдігерлері де бар.
Әр бөлме өзіндік тарихымен, ерекше жәдігерлерімен тамсандырады.
Мұражайды аралап жүріп, Хәкім Абайдың қолданған заттарын көріп, шығармашылықтарымен, өмірлік оқиғаларымен жақын таныса алдық.
Мұражайдың әрбір залы өткенге арналған терезе іспетті болды, бұл ұлы ақын мен ойшылдың таңғажайып тарихы мен мәдени мұрасына айналдыруға әкелді.
Мұражайдағы құнды жәдігерлердің саны мен түр-түрі бізді таң қалдырды. Әсіресе, Абай Құнанбайұлының өзі жасаған жәдігерлері ерекше әсер қалдырды. Абай пайдаланған және оның өмірі мен шығармашылығына үлкен әсер еткен заттарды көру керемет шабыттандырды.
Мұражайдағы қойылған суреттер мен мүсіндер бізді қатты таң қалдырды, себебі бұл туындыларда өзіндік мағыналы оқиғалар мен бейнелер суреттелген.
Мұражайдың көптеген жылдар бойы жиналған қолжазбалар қорында 800-ден астам дерек көзі сақтаулы. Соның ішінде, Абайдың 1896-жылы ұлы Мағауияға жазған хаты бізге ерекше әсер қалдырды. Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін тыңдап, Абай ауылынан әкелінген жабдықтарды, қару-жарақтарды көріп қайттық.
Қорыта келгенде, Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі, ұлы ақын мұрасын асыл аманат ретінде ардақ тұта отырып, Абайдың, Шәкәрімнің және М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылыктарын келешек ұрпаққа насихаттайды!
Әскери кафедраның 3 курс студенттері

