Ауру тарихын жазудың клиникалық практикумы

Ауру тарихын жазудың клиникалық практикумы

21 қыркүйек пен 6 қазан аралығында біз «Жалпы медицина» факультетінің 4426 тобының студенттері ішкі аурулар және ревматология кафедрасында «Ауру тарихын жазу тәжірибесі» элективті пәнінен өтті. Цикл басталар алдында біз науқастың ауру тарихын дұрыс ресімдеуді үйренуді ғана күткен едік, ал нәтижесінде басқа да көптеген пайдалы дағдыларға қол жеткіздік.Тарихты жазу үшін оның құрылымын нақты білу, маңызды бөлшектерді жібермей, пациенттерден барлық деректерді дұрыс жинау, алынған деректерді дұрыс талдай білу қажет. Пациенттің барлық жүйелер бойынша шағымдарын мұқият жинау, пальпация, перкуссия және аускультация техникасын қолдана отырып, физикалық тексеру, зертханалық және аспаптық зерттеу әдістерінің жоспарын жасау – бұның барлығы болашақ дәрігер үшін қажетті дағдылар. Біз осы дағдыларды жетілдіру мүмкіндігіне ие болдық, бұған ішкі аурулар мен ревматология кафедрасы, атап айтқанда біздің оқытушы Петрова Юлия Викторовна көмектесті. Ұсынылған пайдалы электив үшін барлық қызметкерлерге үлкен алғысымызды білдіреміз. 4426 топ Жалпы Медицина[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Рубрикалар: Оқу процесі