1 қазанда мемлекет бойынша Халықаралық қарттар күні атап өтілді, құттықтауларды: Менің жылдарым – менің байлығым, деп ашық айталатын, өмірлік төзімділігі, тәжірибесі жоғары қарттарымыз қабылдады.
Мұғалімдер күні-білім беру саласының барлық қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Мұғалімдердің рөлі мен еңбегі атап өтілетін күн, олардың қоғамның дамуына қосқан баға жетпес үлесі. Қазақстанда алғаш рет мұғалімдердің кәсіби мерекесі – 5 қазан күні атап өтіледі.
05.10.2023 жылы КЕАҚ “МУС” симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасы Қарттар күні мен мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді. Аталған іс – шараға еңбек ардагері Ткаченко Людмила Никифоровна және білім беру ісінің еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Алтын скальпель иегері, жоғары санатты балалар хирургі, доцент, Маратбек Тоқанұлы Әубәкіров қатысты. Концерттік бағдарламаға Жалпы медицина мамандығының білім алушылары қатысты: 2418 топ Базарбаев Данияр: 3613 топ Ақманов Азамат, Саглиханова Диана, 2312 топ Мейірханова Дана, Сейітқазина Балнұр және 3302 топ Педиатрия мамандығының студенті Сабурова Гүлдәурен.
Симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Мұқанова Динара Адлетқызы құттықтау сөз сөйледі. Аталған іс-шараның қонақтары өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Іс-шара соңында фотосессия ұйымдастырылды
Ұйымдастырушылар: кафедра оқытушылары Ван О. Т., Мамырханова Г. М.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]


