2023 жылдың 9 қазанында Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназияда қабылдау бөлімі мен Medical Foundation әдіскерлері 10-11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырды. Оқушыларға медициналық университеттің құрылу және даму тарихы туралы бейнеролик көрсетілді. Оқушыларға КеАҚ «Семей медицина университетіне» қабылдау жайлы, оқу бағдарламалары және химия және биология пәндері бойынша Medical Foundation дайындық курстары туралы ақпарат беріліп брошюралар таратылды.
Болашақ талапкерлер оқуға қабылдау ережелерімен және білім беру бағдарламаларымен танысты. КеАҚ «СМУ» түсу жайлы ойларында жүрген сұрақтарына жауаптарын алды.
Бітіруші сыныптармен сұхбаттасуға мүмкіндік берген Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия ұжымына алғысымызды білдіреміз.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]



