06.10.2023 ж. “СМУ” КЕАҚ Семей қаласының жалпы дәрігерлік практикасы кафедрасында ЖМФ 5215 тобының студенттері мен кураторы Д.Н. Сайдуалиевтің қатысуымен “Академиялық саясат және тәртіп саясаты” тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттерді Семей медицина университетінің ректоры А.А. Дюсупов бекіткен академиялық саясатпен таныстыру, саяси тәртіпті түсіндіру.
Академиялық саясат – білім беру сапасын арттыруға бағытталған оқу-тәрбие процесін жоспарлау мен тиімді ұйымдастырудың шаралары, ережелері мен тәрбие жүйесі.
ЖМ 5215 тобының кураторы Д.Н. Сайдуалиев студенттерге бекітілген құжатты ұсынды, академиялық саясат пен тәртіп саясатының маңыздылығын атап өтті. Қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]

