Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасында оқытушылар мен «Жалпы медицина» мамандығының 1-3 курс студенттерінің қатысуымен ғылыми үйірменің қыркүйек айындағы отырысы өтті. Студенттерге алғашқы сөз кезегін кафедра доценті, профессор қызметін атқарушы Уразалина Н.М. бастады. Ол қалыпты және патологиялық физиология пәндері бойынша кафедра тарихының презентациясын ұсынды. Уразалина Н.М. студенттік ғылыми үйірмедегі өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Студенттердің ғылыми ізденістерінің дербестігін дамыту, студенттерді теориялық және практикалық материалдарды терең талдау және жалпылау әдістемелерімен таныстыру міндетіне басты назар аударылады. Кафедра оқытушылары Шақабаева А.А. мен Қанатбекова А.Қ. студенттердің назарына зерттеу тақырыптары мен реферат баяндамаларын ұсынды. Студенттердің ғылыми үйірмесінің старостасы 3 курс студенті Калелова Малика үйірменің ұйымдастыру мәселелері мен студенттік ғылыми конференцияда баяндамалар дайындау туралы сөз сөйледі. Ғылыми үйірменің алғашқы отырысына 28 студент қатысты. Үйірме отырысы еркін жағдайда өтті және студенттер арасында шынайы қызығушылық тудырды.
Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы.[/vc_column_text]