«Семей медицина университеті» КЕАҚ жыл сайынғы кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Куламирова Жанар Орынтайқызы мен Иноземцева Ольга Владимировна 2023 жылдың қыркүйек айында Семей қаласының № 16 Т.Аманов атындағы орта мектебінің және № 6 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде медицина университетінің даңқты тарихы, «Мейірбике ісі», «Фармация», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Медицина», «Стоматология», «Педиатрия», «MПІ » сияқты 7 білім беру бағдарламасы, оқуды бітіргеннен кейінгі кәсіби болашағы және «Medikal foundation» дайындық бөлімі туралы ақпарат берілді. Барлық ақпарат оқушыларға презентация және ақпараттық буклеттер түрінде ұсынылып, кейіннен оларға таратылды. Оқу процессі жайлы көптеген сұрақтар қойылып, оларға жан-жақты жауаптар берілді.
Кездесу нәтижесінде № 16 Т.Аманов атындағы орта мектептің 11-сыныбының 7 оқушысы және № 6мектеп-гимназиясының 1 оқушысы «Семей медицина университеті» КЕАҚ-на түсуге ниет білдірді.
Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы.[/vc_column_text]