2023 жылы 6-7 қазан аралығында Астана қаласында «Білім берудің тұрақты болашағы-сапа және бәсекеге қабілеттілік: Тарихи бұрыш, шындықтар мен басымдықтар» білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі VII Орталық Азия Халықаралық форумы өтті.
Жыл сайын өткізілетін IAAR форумы білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы жүйесін дамытудың, шетелдік білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтудің, сапа мәдениетін ілгерілетудің өзекті мәселелерін талқылауға және академиялық қоғамдастық пен Халықаралық еңбек нарығының сындарлы өзара байланысқа бағытталған.
Форум аясында келесі негізгі мәселелер талқыланды:
- Білім беру жүйесінің дамуындағы жаһандық сын-қатерлер мен тенденциялар.
- Цифрлық трансформация жағдайында ғылыми және білім беру модельдері мен технологияларын дамыту.
- Медициналық білім беру сапасын қамтамасыз ету: ғылым мен тәжірибенің интеграциясы.
Форум жұмысына мемлекеттік органдардың, жоғары білім сапасын қамтамасыз етудің халықаралық желілерінің өкілдері, Қазақстан, Бельгия, Үндістан, Малайзия, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Молдова, Армения жоғары оқу орындарының басшылары, алыс және жақын шетелден келген ғалымдар қатысты.
Осы форумға біздің университет атынан Басқарма Төрағасы – Ректор А. А. Дюсупов және академиялық және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ж. К. Смаилова «Білім, ғылым және клиниканың үштұғырлығының заманауи үрдістері медициналық білім беру сапасын қамтамасыз етудің маңызды факторы» баяндамасымен қатысты, онда “СМУ” КеАҚ-ның ғылым мен тәжірибенің интеграциясы арқылы медициналық білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәжірибесі ұсынылды.