2023 жылдың 10 қазанында Әділғожина Салтанат Мұратбекқызы ұйымдастырумен 5432 топ студенттерімен кураторлық сағат өтті, онда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы талқыланды. Мемлекет басшысы жаңа Жолдауында елдің экономикалық саясаты туралы өзінің көзқарасын баяндап, көшу қажет жаңа экономикалық модельді ұсынды. 5432 топ студенттері Президенттің Жолдауын мұқият тыңдап, үлкен әсер алғандарымен бөлісті. Білім алушылар биылғы Жолдаудың сипаты мен құрылымы жағынан бұрынғылардан өзгеше екенін атап өтті.
Кураторлық сағатта студенттер болашаққа арналған жаңа өнеркәсіптік саясат, мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезіндегі қоғамдық мониторинг, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, су тапшылығы проблемасы, ел тәуелсіздігінің қауіпсіздігі, экономикалық қылмыстарды қылмыссыздандыру және тағы басқа мәселелерді талқылады.
Жүргізілген тәрбие жұмыстарының арқасында студенттер өз пікірлерімен бөлісіп қана қоймай, алдағы жылдарға қойылған кейбір міндеттермен танысты. Еліміздің болашағы үшін жауапкершілігі бар жастарға осындай сағаттар мемлекеттің өміріне немқұрайлық танытпай, белсенді қатысуға мүмкіндік берді.[/vc_column_text]