2023 жылдың 10 қазанында «Жалпы медицина» мамандығының 2314 тобының студенттері куратор, эпидемиология және биостатистика кафедрасының оқытушысы Д.М. Толеутаевамен бірге Қазына кинотеатрында, «Міржақып. Оян, қазақ!» кинофильмін тамашалады.
Картина жазушы Міржақып Дулатовтың өмірі туралы баяндайды, сондай-ақ Қазақстандағы тарихи оқиғаларды қамтиды.Сюжетте 30-шы жылдардағы ашаршылық, «Алаш Орда» қозғалысы мен оның көшбасшыларының қызметі көрсетіледі.
«Оян, қазақ!» бұл жасөспірімдерді өз тарихын қайта қарауға және рухани байытуға итермелейді. Өз тарихыңды білу – халықтың сақталуы мен дамуының кепілі.