2023 жылғы 27 қыркүйекте облыстық фтизиопульмонология және жұқпалы аурулар орталығында медицина қызметкерлеріне арналған “Балалардағы тұмау және басқа ЖРВИ” тақырыбындағы семинар өтті. Семинар КеАҚ СМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, облыстың бас штаттан тыс балалар инфекционисті И. М. Эфендиевтің жетекшілігімен ұйымдастырылды. Семинардың тыңдаушылары балалар және ересектер жұқпалы аурулар бөлімшелерінің дәрігерлері, реаниматолог дәрігер, зертханашы дәрігер, эпидемиолог, КеАҚ СМУ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенттері, аға медбикелер, сондай-ақ 4408 және 4420 топтағы ЖМ 4 курсының білім алушылары, 1-ші оқу жылының инфекционист резиденттері, ЖТД 623 тобының интерндері болды.
Спикер Эфендиев Имдат Мұсаевич кіріспе сөз сөйлеп, қатысушылардың назарын балалардағы ЖРВИ мен тұмаудың клиникалық-эпидемиологиялық ерекшеліктеріне аударды. Абай облысы және Семей қаласы бойынша ЖРВИ және тұмау бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы ОФПО және ЖА эпидемиологы О. М. Орынқанова баяндады, ол тыңдаушыларды ЖРВИ мен тұмауды диагностикалау және емдеу жөніндегі нормативтік-құқықтық актілермен таныстырды. “Балалардағы тұмау мен ЖРВИ этиологиясы, эпидемиологиясы, жіктелуі және клиникасы, диагностика, емдеу және алдын алу” атты баяндамамен балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті Т. Д. Дәлелқанова сөз сөйледі. Сондай-ақ дәрігер-зертханашы С.А. Бектасова ЖРВИ және тұмау кезінде вирусологиялық зерттеу үшін материал алу ережелерімен таныстырды.
Семинардың қорытындысын И.М. Эфендиев тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Семинар соңында ұйымдастырушылар қатысушылардан кері байланыс алды. Семинарға барлығы 51 тыңдаушы қатысты.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]