2023 жылдың 28 қыркүйегінде м.ғ.д., профессор М.Н.Мусин атындағы фармакология кафедрасының оқытушыларымен 1 және 2 курс резиденттері бірлесе отырып, № 3, 17 орта мектепте 10-11 сынып оқушылары шақырылып кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Бізді университетіміздегі қолжетімді білім беру бағдарламаларымен таныстырып, білім грантын алу, ақылы негізде оқу құны, әскери кафедраның бар екендігі туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, 2023 жылдың 5 қазанында жұмысын бастайтын «Medical Foundation» дайындық бөлімі туралы хабарлады. «Medical Foundation» негізгі артықшылықтары туралы айтылды, оның нәтижесінде ҰБТ-ға бейіндік пәндер (биология/химия) бойынша сәтті дайындалу және тапсыру болып табылады, оқу барысында Жедел медициналық көмек бойынша 3 күндік семинар, университет оқытушыларымен кездесулер өтеді және студенттік клубтарға қатысу жайында ақпарат берілді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысының қорытындысы бойынша 8 студент «МУС» КЕАҚ оқуға ниет білдіріп, олардың мәліметтері алынды. Барлығына буклеттер таратып, болашақ талапкерлерге сәттілік тіледік![/vc_column_text]