Әскери кафедраның 4216 топ студенттері оқытушы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденұлының жетекшілігімен 06 қазан 2023 жылы Семей қаласының Гарнизондық офицерлер үйіне және ашық аспан астындағы әскери техника мұражайына бардық.
Мұражайға саяхат жасау тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.
Ашық аспан асты мұражайда Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысындағы экспонаттармен – зеңбіректер, «катюшалар», Т-34 танкілері және т.б., сонымен бірге, әскери көлік түрлерімен таныстық.
1938 жылы дайындалған және Ұлы Отан соғысы жылдарында 1942 жылдан бастап майданда қолданылған көне қаруды тамашаладық.
Мұнда өткен жылдар қаруларымен қатар, замануи әскери техникаларыда қойылған.
Бұл шара біз үшін қызықтылығымен қоса, өте пайдалы болды, себебі біз өте көп танымды фактілерді білдік.
Шараны ұйымдастырушыларға ризашылығымызды білдіре отырып, барлық таныстарымызға және жақындарымызға аталған мұражайды көріп-қайтуға кеңес береміз.
Әскери кафедраның 4216 топ студенттері[/vc_column_text]