2023 жылдың 10 қазанында Семей қаласында ЖТД, педиатрлар және орта медицина қызметкерлері үшін шеберлік сыныбы өтті. 2023 жылдың 11 қазанында шеберлік сыныбына «Отбасылық медицина» мамандығы бойынша 2 курс резиденттері және 6-7 курс аралығындағы дәрігер-интерндер, «СМУ» КеАҚ жалпы дәрігерлік практика кафедрасында тағылымдамадан өтіп жатқан педиатрлық интерндер шақырылды. Іс-шара иммундау мәселелеріне тоқталып, пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациямен қамтуды арттыру бойынша ұсыныстар берілді. Ауруды алдын алу мәселелер Семей қаласының жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Өйткені, аурудың алдын алу оны емдеуден оңай. Шеберлік сыныпқа қатысушылардан оң пікірлер алынды. Әсіресе шеберлік сабақтарын өткізудің интерактивті әдісі ұнады. Пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация мәселелерін талқылау кезінде дәрігерлер тәжірибесінен алынған жағдайлар, пікірталастар, викториналар пайдаланылды.
Семей қаласының жалпы дәрігерлерлік тәжірибе кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор А.А.Дюсупованың жетекшілігімен шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, өткізілді. Және Семей қаласының жалпы дәрігерлерлік тәжірибе кафедрасының ассистенті, жоғары санатты педиатр, DFID (Халықаралық даму департаменті) жалпы тәжірибелік дәрігерлерді даярлау жөніндегі шебер тренер Терехова Т.И.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]