Эпидемиология және биостатистика кафедрасының оқытушысы Эфендиева Эльнара Имдатовна “Семей медицина университеті” КЕАҚ шетелдік бөлімшесінің барлық білім алушылар үшін апта сайын Орыс тілі бойынша тегін онлайн сабақтар өткізеді.
Осы курсты құрудың себептерінің бірі Қазақстан Республикасында шетелдік білім алушылардың интернатурадан өту қажеттілігі, сондай-ақ студенттердің жеке қалауы болды.
Курс білім алушылар үшін қолайлы уақытта өткізіледі. 2023 жылдың тамыз айынан бастап Telegram-арна ұйымдастырылды, онда оқыту бойынша барлық ақпарат жіберіледі. Сілтеме.

