Топпен бірге кураторлық сағат

Топпен бірге кураторлық сағат

2023 жылғы 11 қазанда эпидемиология және биостатистика кафедрасында кафедра оқытушысы Асель Ришатовна Тукиноваға бекітілген “Жалпы медицина” факультетінің 3554 тобымен кураторлық сағат өткізілді. Топта Пәкістаннан келген 12 студент оқиды. Куратор топ студенттерін университеттегі тәртіп ережелерімен, сондай-ақ тәртіп саясатымен және басқа қалаға бару ережелерімен таныстырды. Жиын барысында куратор студенттерге топпен 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын ұсынды. Жоспар талқыланып, топпен келісілді. Жоспарда әртүрлі мәдени, сауықтыру және санитарлық-ағарту жұмыстары көрсетілген.