2023 жылдың 03 қазанында Эпидемиология және биостатистика кафедрасында жалпы медицина факультетінің 2314 тобымен алғашқы кездесу-танысу және кураторлық сағат кафедра оқытушысы Толеутаева Дина Маратовна жүктелді. Топ құрамында еліміздің әр өңірінен келген 13 студент бар. Куратор топ студенттерін университеттегі тәртіп ережелерімен, сондай-ақ тәртіп саясатымен және Президент жолдауымен таныстырды. Кездесу барысында куратор студенттерге 2023-2024 оқу жылына топпен жұмыс істеу жоспарымен таныстырды. Жоспар топпен талқыланып, келісілді. Жоспарда мәдени, сауықтыру және сауықтыру бойынша түрлі іс-шаралар көрсетілген.