11.10. 2023 ж. “Семей Медицина Университеті” КеАҚ бас ғимаратының үлкен конференц-залында “жүкті әйелдер мен балалардағы ЖРВИ, тұмау және пневмонияны диагностикалау және емдеу”тақырыбында семинар өтті. Аталған семинар жұмысына жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының қызметкерлері қатысты, “ЖРВИ және жүкті әйелдердегі тұмау” атты баяндамамен кафедраның доценті А. З. Токаева сөз сөйледі.
Спикер жүкті әйелдердегі тұмау және басқа да жіті респираторлық инфекциялар ағымының ерекшеліктеріне жеке тоқталып, тыңдаушылардың назарын ауруханаға жатқызуды талап ететін тұмау/ЖРВИ қауіпті белгілеріне тоқталды. Тұмау/ЖРВИ, СOVID-19, ТОРИ бар жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету алгоритмі бөлек талданды.
Жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедралары.[/vc_column_text]