Бүкіләлемдік Артритпен күресу күні

Бүкіләлемдік Артритпен күресу күні

Әр жыл сайын 12 қазан күні Дүниежүзілік Артритпен күрес күні аталып өтіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен келе жатқан бұл жаһандық іс-шара артрит, ревматологиялық аурулар мен басқа да тірек-қимыл аурулары жайлы ақпараттандыруды жоғарылатады.

Артрит- бұл тек қана буын ауырсынуы мен ісінуді көрсететін белгі.

Бағалауға сүйенсек, 25,7 млн адамдарда артриттің әсерінен күнделікті қозғалысы шектеледі. 2024 жылға қарай бұл сан 35 миллионға дейін өсуі мүмкін. Ал ерте диагностика- табыстың кілті болып табылады.

Дүниежүзіндегі ұйымдар мен пациенттерді қорғаушы мекемелердің іс-шаралары арқылы, артриттің белгілері жайлы хабардар болып, және дұрыс медициналық емдеуге жылдам қол жеткізу үшін ерте диагностиканың маңыздылығы көрсетіледі.

Төменде ревматоидты артритқа қарсы басымдықтарды көруге болады:

Ауырсыну мен ыңғайсыздық, тиісті араласулар мен стратегиялар арқылы басқарылып, ретке келтіріледі. Қосымша көмек құралдары және буындарды қорғау әдістерімен, қозғалысқа арналған жаттығулар арқылы

қисаюдың алдын алып, буын қозғалысын жақсартуға болады.

“Ревматология” бөлімінің 431 топ студенттері (Оқытушы- ішкі аурулар және ревматология кафедрасы профессорының міндетін атқарушы,  медицина ғылымдарының кандидаты, Горемыкина М.В.) мен КеАҚ “Семей Медициналық университеті” медицина ғылымдарының докторы, құрметті профессор Иванова Р.Л бірге кездесу өтті, және де Артриттың заманауи емі жайлы талқылауға мүмкіндік болды, соның ішінде ревматологиядағы жергілікті инъекционды терапия жайлы біліп, және  КеАҚ “Семей медицина университитенің” УГ кардиоревматология бөлімінде буын ішілік инъекцияға қатысты.

Дайындаған 431 топ студенттері, Жалпы медицина бөлімі

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы «Семей Медицина университеті» КеАҚ

maiya.goremykina@smu.edu.kz[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]