12 қазанда “Семей медицина университеті” КеАҚ басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамының Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Калабаевна Палуановамен және Жоғары білім беруді реформалау жөніндегі ұлттық сарапшылар тобының мүшесі, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Жадыра Түсіпқанқызы Қоңырбаевамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Эразмус+ бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша ақпарат беріліп, университеттердің өндірістік серіктестермен өзара әрекеттестігі туралы презентация көрсетілді. Тараптар сондай-ақ Erasmus+халықаралық кредиттік ұтқырлық жобалары бойынша өзекті мәселелерді талқылады.
Семей медицина университетінің Қоғамдық денсаулық кафедрасының меңгерушісі Хисметова Зайтуна Абдулкасимовна кафедра оқытушыларымен бірлесіп “HARMONEE” халықаралық жобасының іске асырылу барысы мен нәтижелері бойынша ақпаратпен бөлісті.[/vc_column_text]