2023 жылдың 10 қазанында «Жалпы медицина» мамандығының 3103 тобының студенттері топ кураторымен (Жазықбаева Л.Қ.) бірлесіп «Темекі шегуге тыйым салу туралы» бұйрығына байланысты бақылау сағатын өткізді.
Топқа оқу ғимараттарында, студенттер үйлерінде және алаңдарда темекі шегуге, электронды темекі шегуге және алкогольді ішуге тыйым салу туралы толық кеңес берілді. Талқылау барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Қорытындылай келе, студенттер бұл мәселеден хабардар екендіктерін растады.