Жылдан-жылға және ұрпақтан-ұрпаққа құндылықтар, үрдістер, дәстүрлер, менталитет және тіпті қарапайым әдеттер бір-бірін тез қарқынмен алмастыруда. Бұл динамика отбасылық құндылықтарды да айналып өтпеді. Бұл процесс кейде тым қарқынды. 2010-2015-2020 жылдары құрылған отбасылар идеалдары жағынан бір-бірінен толығымен ерекшеленеді. Бұл құбылыстың жақсы немесе жаман екенін айту қиындық тудырады.
Жалпы отбасы қалай құрылады? Үлгілі отбасына қандай белгілер тән? Жастар құрған отбасы мен үлкендер құрған отбасының айырмашылығы неде? Отбасын құру үшін қолайлы жас бар ма? Осы сынды тақырыптар мен сұрақтарға жауап іздеу мақсатында 2023 жылдың 13 қазанында Стоматология факультетінің 3 курс студенттері мен кураторлары – Жакипова А.А., Апбасова С.А.- және резиденттер – Еркінов А.Р., Шомшекбаев Ж.Т., Бердали М.Б., Асубаев О.Б., Арнақызы Е., Медеш Т .мен бірге өткен кураторлық сағат өткізілді.
Бастапқыда студенттер жалпы отбасы туралы және 2000, 2010 және 2020 жылдардағы отбасылар қандай құндылықтар бар екенін, олардың әрқайсысының ішкі ережелерін салыстыра отырып әңгімеледі. Одан әрі жас кезден отбасын құрудың оң және теріс жақтарын талқылаумен жалғасты. Мұндай мәселе бойынша ортақ пікірге келу мүмкін емес екені анық, бірақ қарапайым пікір алмасу жас отбасылардың проблемалары мен артықшылықтарына көбірек түсінік берді. Пікірталаспен қатар студенттер Семей қаласының тұрғындары арасында «18-20 жаста отбасын құру керек пе?» тақырыбында әлеуметтік сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесінде ересек буын арасында ортақ пікір жоқ екені белгілі болды.
Қорытындылай келе, «Отбасы» сияқты үлкен жауапкершілік үшін идеалды жас жоқ және болуы мүмкін емес деп айта аламыз, бәрі әр адамның жеке өмірлік тәжірибесі мен дайындығына байланысты. Адамның сезімін, тәрбиесін, қалауын және адамгершілігін , материалдық жағдайын бір қатарға қою керек және осы екі фактордың тепе-теңдігімен ұстаған жағдайда ғана үлгілі отбасын құруға үлкен мүмкіндік бар.Өкінішке орай, Қазақстан Республикасы жас отбасылар арасындағы ажырасу бойынша әлемде жетекші орын алады, бірақ бұл динамика адамдарды жастайынан адамгершілікке, жауапкершілікке баулитын болса, оны толығымен түзетуге болады.
Проф. Ю.В. Пругло ат. Патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасы өз тарапынан куратор сағатында осындай қызықты және танымдық тақырыпты талқылау үшін қатысқан студенттерге шын жүректен алғыс білдіреді.

