«Дені саудың – жаны сау»

«Дені саудың – жаны сау»

Бәрімізге «Дені саудың – жаны сау» деген мақал бала кезімізден таныс. Әр адам денінің сау болуына тырысады. Денсаулығымыз өзіміздің өмір салтымызға байланысты болғандықтан, әр адам өз денсаулығына жауапты. Жанымыздың саулығы ұзаққа сақталу үшін адамдар белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруы қажет. 2023 жылдың 14 қазанында университетіміздің 70 жылдық мерекесіне орай «СМУ» КеАҚ оқытушылар мен қызметкерлер арасында спорттық жарыстар ұйымдастырды. Жарысқа ішкі аурулар және ревматология кафедрасынан да оқытушылар қатысты: Селгазина М.Б., Шаханова А.Т., Канапиянова Г.Б., Петрова Ю.В., Берсимбекова Г.Б., Касымова М.Н. Оқытушылар өз командасын «Сүйкімділер» деп атады. Жарыстың бірінші кезеңі оқытушылардың белсенділігін, ептілігін және жылдамдығын көрсеткен эстафеталық ойындардан тұрды. Арқан тартумен екінші кезеңде де «Сүйкімділер» әйелдер ынтымақтастығы мен күшін көрсете алды. Спорттық ойындардың соңында белсенді ойыншылар дипломдармен, жеңімпаздар кубоктар мен медальдармен марапатталды. Эстафеталық жарыстар достық, өзара көмек көрсету мен көңілді жағдайда өтті. Жарысқа қатысқан әр адам сергектік сезімін қабылдады.

Тәрбие жұмысына жауапты Селгазина М.Б.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: